Астанадан Көкшетауға дейінгі жол жабылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды ", — делінген хабарламада.

Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.

Сурет: gov.kz