«Қазгидромет» РМК қарашаның 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады. |
Кәспорынның болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр, қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.