Қазақстанда 550 жер телімдері тәркіленеді

Қазақстанда автожол салу үшін 550 жер учаскесін қайтару жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, ағымдағы жылы шамамен 2,5 мың км республикалық трассаларды жөндеу жұмыстары басталады.

"Бүгінгі таңда жаңа автожол жобаларын іске асыруды бастау үшін 550 жер телімін қайтару талап етіледі. Олардың ішінде: "Қарағанды – Жезқазған ", "Ақтөбе – Ұлғайсын" және "Сарыағаш қаласының маңы". Өңірлердің әкімдіктеріне 2030 жылға дейін жоспарланған барлық жаңа автожол құрылысы жобаларының бойындағы учаскелерді белгілеп және резервтеуді тапсырамын. Ең алдымен, жерді алдын-ала брондау қажет. Бұл жобаларды іске асыруға әсер етуі мүмкін басты мәселе", — деп атап өтті ол.

Премьердің айтуынша, кейбір өңірлерде трансферттерді игеру қарқыны төмен. Мысалы, Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында бұл мәселе өзекті.