|
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.
Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.