Башқұртстан басшысы Қазақстанға келеді


Алдағы күндері Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес-форумына, сондай-ақ, екі республика арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысады»,— деді Смадияров.

Еске салайық, Башқұртстанда Файль Алсыновтың қамалуына қарсы ірі наразылықтар болған еді.