Зардап шеккен азамат ауруханада.
Бейнежазбадағы кадрларға қарағанда , оқиға күндіз, қаланың қақ ортасында, тамақтану орындарының бірінің қасында болған. Бірнеше адам ер азаматты қолымен де, аяғымен де ұрып-соққан. Сол сәтте біреуі оны қашып кетпеуі үшін ұстап тұрса, тағы бірінің қолында пышаққа ұқсас зат болған.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі күдікті ұсталды , тағы біреуін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы бір тұлғаның орналасқан жері анықталуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал тараптар арасындағы өзара келіспеушілік негізінде туындаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жатпайды", — деді Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.
Сурет: видеодан скриншот