Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұл туралы деп Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімі бойынша, бұрын осы қызметті атқарған Ғани Өтенұлы Тілеубеков қызметінен босатылды.